Мұсылман әйелдерге шариғат талаптарын "бұзуға" рұқсат беретін заң қабылданды
Мұсылман әйелдерге шариғат талаптарын "бұзуға" рұқсат беретін заң қабылданды
7 жыл бұрын 4460 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тунис парламенті осы елдегі мұсылман әйелдерге наным-сенімі өзге ер-азаматтарға тұрмысқа шығуына салынған тыйымның күшін жоятын заң қабылданды. Бұрын мемлекет басшысы Ессебеси үкіметті 1973 жылы қолданысқа енгізілген тыйымды алып тастауға шақырған болатын. Осы мақсатта Тунис басшысы тунистік мұсылман әйелдердің наным-сенімі өзгелерге тұрмыс құруына мүмкіндік беретін жаңа ережені әзірлеуі үшін заңгер әйел жетекшілік ететін арнайы комиссия құрған еді. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, осы уақытқа дейін тунистік мұсылман әйелмен шаңырақ көтергісі келетін наным-сенімі өзге адам ислам дінін қабылдауы әрі қабылдағанын растайтын тиісті құжатты ұсынуы талап етіліп келген болатын. Десе де ел тұрғындары, соның ішінде тунистік әйелдер ислам құндылығын ескерусіз қалдыратын бұл заңға наразы болып отыр. 

0 пікір
Мұрағат