Мұрагерлікте әйелдер құқығы ерлермен теңестірілуі мүмкін
Мұрагерлікте әйелдер құқығы ерлермен теңестірілуі мүмкін
6 жыл бұрын 2960 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тунис президенті Бежи Кайд Ессебси елдегі әйелдердің мұрагерліктегі құқығын ер-азаматтармен теңестіруді ұсынды. Оның айтуынша, әкеден қалған дүние-мүлікті бөлісуде әйелдер де заңды күшке ие болуы керек. Қазіргі уақытта аталмыш ұсыныс парламент қабырғасында қарастырылып жатыр. Десе де ел басшысының бұл ұсынысына кейбір саясаткерлерден бөлек қоғамның өзі наразылық танытуда. Тіпті, осы мәселеге наразылық білдіріп мыңдаған адам парламент ғимараты алдына жиналды. Өткен сенбіде. Сөз орайы келгенде айта кететін жайт: 2017 жылы президент елдегі әйелдер құқығын кеңейту мәселелерімен шұғылданатын арнайы комитет құруға пәрмен берген болатын. Десе де мұрагерлік мәселесінде бұрынғы заң талаптарын сақтағысы келгендерге жаңа ереже күштеп таңылмайды. Тағы бір айта кететін жайт, қазіргі уақытта Тунистің билік тізгіні зайырлы қоғам құндылықтарын жақтайтын топтардың қолында. Бұл топ 2014 жылы елдің жаңа конституциясын қабылдады. Десе де мынаны да айта кетпеске болмайды: аталған елде өзге көрші елдерге қарағанда әйелдер құқығы көп. Алайда, мұрагерлікте ер-азаматтарға артықшылық берілген: әйелдерге қарағанда ер-азаматтар екі есе көп дүние-мүлікке ие бола алады. 

0 пікір
Мұрағат