Мемлекет қызметкері қоғамды атақы адамдардан аулақ болуға шақырды
Мемлекет қызметкері қоғамды атақы адамдардан аулақ болуға шақырды
4 ай бұрын 928 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Вьетнамның хабар тарату ісінің негізгі реттеушісі әлеуметтік желі, бренд және аудитория платформаларын бас пайдасы үшін заңды белден басатын атақты адамармен арадағы байланысты үзуге үндеді. Бұл жайында islam.kz порталы eVnExpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Вьетнамның телерадио хабар тарату және электронды ақпарат басқармасының жетекшісі Ле Куанг Ту До сот үкімі мен әкімшілік айыппұл жанкүйерді тоқтата алмайтынын ескертті. Ол бұл мәлімдемесін аталған оңтүстік-шығыс Азия елінде қолданысқа енгізілейін деп жатқан жарнама туралы жаңа заңнама қабылданар қарсаңында жасады. Аталмыш заңда проуметрлердің, ықпалды тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің, т.б. интернетте қандай да бірөнімді жарнамалау кезіндегі міндеттері нақты көрсетілген. Егер заң мақұлданса, онда қарастырылған талаптарға сәйкес құқық бұзуға жол берген тұлғаға бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жазбасын жариялауға, тіпті, сахнада өнер көрсетуіне шектеу қойылады. Соның ішінде ықпалды тұлғалар денсаулық сақтау министрлігі тарапынан рұқсаат берілмеген дәрілік заттарды жарнамаласа, қоғамды жік-жікке бөлетін, алауыздық тудыратын қандай да бір бастаманы көтерсе, т.б. заңға қайшы әрекеттерімен көзге түссе, тек сот үкімі мен әкімшілік жолмен жазалау шаралары қолданылып қоймай, олардың түрлі платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа шығуына шектеу қойылады. Сол үшін брендтер мен платформаларға ондай ықпалды тұлғаларды өз өнімін жарнамалау үшін пайдалануға тыйым салынады. Вьетнамның телерадио хабар тарату және электронды ақпарат басқармасының жетекшісі жарнама берушілерден белгілі бір мерзімге дейін KOL және KOC (Инфлюенс-маркетингтің жаңа моделі блогерлердің тартымдылығы бойынша стандартты жарнамадан ерекшеленеді. Бұл бір реттік акция емес, ауқымды көп сатылы стратегия. Қазіргі заманғы маркетологтар KOL мен KOC-ты бір науқан аясында жиі біріктіріп жүр – ред.) шарттарын бұзған тұлғалармен арадағы серіктестікті уақытша тоқтата тұруға шақырды. Өйткені, олардың айыппқл мөлшері 80 млн донгқа (вьетнамдықтардың тқл ақшасы, бұл соманы америкалық  валюта бағамына шаққанда 3050 долларды құрайды) жеткен. Бұл тарапта Вьетнам жарнама заңнамасындағы талаптарды бұзған әртістерді, саясаткерлерді, компания жетекшілерін, өзге де ықпалды тұлғаларды қара тізімге енгізіп, сахнаға шығуға, т.б. толық тыйым салуға дейін жазалау шараларын қолданатын Оңтүстік Корея тәжірибесін басшылыққа алады.

0 пікір
Мұрағат