|
Марокконың электронды визасы бір жарым млн-ға тарта өтініштің түсуіне ықпал етті
|
Марокко әлемнің 118 еліне электронды виза жүйесін (e-visa) енгізгеннен кейін үш жылда бұл цифрлы жоба туризмге де, елдің халықаралық деңгейде танымалдығына да оң әсерін тигізген. Осы кезеңде жарты миллионға жуық өтініш қарастырылған екен, олардың 90% -дан астамы туризммен байланысты. Бұл жайында islam.kz порталы Yabiladi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы таяудағы есепке сәйкес электронды виза бойынша келіп түскен 187 895 өтініштің 94,1%-ы туризммен тікелей байланысты болып шыққан. Тек 5,9%-ы ғана іскерлік және дипломатиялық визалар құраған. Саяхатшылар үшін виза алу процедурасын жеңілдеткеннен бөлек электронды виза жүйесі стандартты өтініштерді өңдеу процесін 72 сағаттан және шұғыл өтініштерді қарау мерзімін бір тәуліктен, яғни, 24 сағаттан асырмай, өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеді. Деректерді өңдеудің осындай жылдам уақыты аталмыш жүйені Марокконың ірі халықаралық іс-шараларды қабылдауда аса маңызды, стратегиялық активке айналдырды. Электронды визаның артықшылығы, әсіресе, ауқымды, халықаралық іс-шаралар кезінде айқын көрінді. 2023 жылы Марракеште өтетін Халықаралық валюта қоры мен Бүкіл әлемдік банктің жыл сайынғы кеңестері кезінде 109 елден саяхатшылар осы жүйенің көмегімен Мароккоға келді. 2024 және 2025 жылдары өткен GITEX Africa Morocco форумына қатысатын елдердің саны тиісінше 118-ге жеткен. Электронды визаның негізгі ерекшеліктері: Марокка аумағында 30 күнге дейін болуға мүмкіндік береді, ал жарамдылық мерзімі - 180 күн. Туристер тобымен немесе отбасымен келгісі келсе, өтініштер тез өңделуі үшін бір файлда берілуі тиіс.