Малайзияда халал детекторы жасалды
|
Малайлық ғалымдар әлемде тұңғыш рет тағамның шариғат талаптарына сай әзірленгенін анықтайтын блок-детектор жасады. Аталмыш құрылғы арқылы азықтың құрамында шошқа етінің бар-жоғын тексеруге болады. Малайзияның технологиялық паркінің биотехнология жөніндегі менеджері Амин Мұхаммедтің айтуынша, бұл құрылғы сынақтан сәтті өткен әрі өндіріс кезінде де, дайын күйінде де тағамның құрамында шариғат талаптарына қайшы келетін қоспалардың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. «ОnIslam.net» порталының хабарына қарағанда, бұл құрылғының артықшылығы сонда, оны азықтың сақталу мерзімін және қалай сақталғанын анықтауға да мүмкіндік береді. Бұған қоса, блок-детектордың көмегімен ДНК-ны талдауға болады. Сондай-ақ, мейлі ол адам болсын немесе өзге зат болсын, оның құрамында ішімдіктің бар-жоғын да анықтауға мүмкіндік береді. Айта берсе, бұл құрылғының пайдасы таусылмайды: май қышқылын да, жануар етінен жасалған азықтардан дайындалған консервілердің құрамындағы метилді эфирдің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға көмектеседі.