Күншығыс елі тұрғындарына күніне бір мәрте болса да күлуді ұйғаратын қаулы қабылдады
Күншығыс елі тұрғындарына күніне бір мәрте болса да күлуді ұйғаратын қаулы қабылдады
5 ай бұрын 785 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапонияның Йамагата префектуралық парламенті тұрғындарды денсаулықты нығайту үшін күніне кемінде бір рет күлуге шақыратын қарар қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құжат авторларының Йамагата университетінің медицина факультетінің зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай келе ұдайы күлімсіреп жүретін адамдардың ғұмыры ұзақ болатынын атап өтті. Жергілікті парламент, сонымен қатар, әр айдың сегізінші күнін «тұрғындар күлкі арқылы денсаулығын жақсартатын күн» деп жариялап, жұмыс берушілерден «жұмыс орнында көңіл күйді көтеретін жағдай қалыптастыруға үндеді. Бұл қаулыны префектуралық ассамблеяның кейбір депутаттары сынға алды. Олар «қандай да бір дерттен немесе басқа себептермен күле алмайтындардың құқығына қол сұғуға болмайды» деп мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат