"Жындармен байланысқандарға" қарсы заңмен күресуді бастаған ел...
"Жындармен байланысқандарға" қарсы заңмен күресуді бастаған ел...
5 жыл бұрын 3820 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығының оңтүстігінде Эсватини, ал бұрын Свазиленд деп аталған шағын ел бар. Оңтүстік-шығысында, батысында және солтүстігінде Оңтүстік Африка республикасымен шектесіп жатыр (екі ел арасындағы шекара ұзындығы - 430 шақырымды құрайды). Ал шығысында Мозамбикпен шектескен ел (екі ел арасындағы шекара ұзындығы - 105 шақырым). жалпы шекарасы 535 шақырымға созылып жатқан ел. Жер аумағы - 17 200 шаршы шақырымға шақталған. Негізгі ресурстары: көмір, ағаш, гидроэнегетикалық әлеуеті жоғары, орман-тоғай, сондай-ақ, алмас пен алтынның шағын кені кездеседі. Жерінің шамамен 11 %-ы егістік алқабы да 62 %-ы жайылым. Біз сөз етіп отырған елдің билігі сиқырлық байқауы мен магиялық іс-шараларға таяуда қатаң тыйым салды. Бұл жайында AFP ақпарат агенттігі аталған ел билігінің осы тақырыптағы мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. "сиқырлықпен байланысты қандай да бір әрекетпен көзге түскендер заң алдында жауап береді",- деп мәлімдеме жасады үкімет мүшесі Перси Симелэйн. Африка құрлығында әлі күнге ескінің сарқыншағына айналған соқыр сеніммен күрес толастаған емес. Заңмен қудалау, тыйым салу, т.б. радикалды шаралар да өз нәтижесін берген емес. Ағартушылық бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншітпейді. Теріс ағыммен күресу секілді өзекті мәселеге айналған сиқырлықпен, соқыр сеніммен күреске Африка құрлығындағы елдерде мемлекет деңгейінде маңыз беріліп отыр. Естеріңізде болса, осыдан шамамен 1 ай бұрын "Қараңғылықтың, саясаттың құрбаны болған альбиностар өздерін қорғауды сұрап, мұң-зарын жеткізді" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/qarangylyqtyn-sayasattyn-qurbany-bolgan-albinostar-ozderin-qorgaudy-surap-mun-zaryn-jetkizdi-11921/#gsc.tab=0) деген тақырыппен хабар таратқанбыз. Онда Африка құрлығындағы альбиностардың терісі мен түсінің ерекшелігіне байланысты соқыр сенім жетегінде кеткен сиқыршылардың, саясаткерлердің құрбаны болып отырғаны турасында айтқанбыз. 

0 пікір
Мұрағат