Жылдам әзірленетін кеспе экспорты рекорд орнатты
Жылдам әзірленетін кеспе экспорты рекорд орнатты
1 сағат бұрын 32 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы (2025) Оңтүстік Кореяның жылдам дайындалатын кеспе экспорты тарихта тұңғыщ рет 1,5 млрд доллардан асқан, дәлірегі, 1,521 млрд долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған К-контент деп аталатын корейлердің әлемге әйгілі тобы ықпал еткен. Таңғы шық елінің кеден қызметі келтірген дерекке қарағанда, өткен жылғы көрсеткіш оның алдындағы 2024 жылғысымен (1,248 миллиарда доллар) салыстырғанда 22%-ға көп. Ал 2023 жылы 1 млрд долларға жетпеген еді тез әзірленетін кеспе экспорты – 952 млн доллар. Бүгінде жылдам әзірленетін кеспе гарығы шығыстан батысқа ұлғайып келеді. Шығыс Азияның бетке ұстар брендіне айналған аталмыш өнім экспорты бойынша Қытай кқш бастаған – 385 млн доллар; одан кейінгі орында Америка құрама штаттары тұр – 255 млн доллар. Үшінші орынға Жапония табан тіреген – 71,2 млн доллар; Ал төртінші орыннан Нидерланды көрінген – 70,9 млн доллар. Корей кеспесі экспортының көп бөлігі Қытай мен АҚШ-қа тиесілі – жалпы мөлшеріне шаққанда 40 пайызды құрайды. Ұлыбританиядағы әлемге әйгілі Оксфорд ууниверситеті корей раменін ағылшын тілінің сөздік қорына енгізді. Ел аумағында танымал болғаны үшін. Өсіп келе жатқан әлемдік сұранысты қанағаттандыру үшін тез дайындалатын кеспе өндіретін отандық компаниялар өндірістік қуатын жедел ұлғайтуға көшкен. Ноксан, Қангсо-гу, Пусан өнеркәсіптік кешеніндегі экспортқа бағдарланған зауыттың құрылысын осы жылдың екінші жартысында аяқтауды жоспарлап отыр. Samyang Foods өткен жылдың маусым айында Оңтүстік Кёнсан провинциясында орын тепкен Миряндағы екінші зауытын аяқтады және Қытайдың Шенжен провинциясында 200 миллиард вон инвестициямен өзінің алғашқы шетелдік зауытын салуда.

0 пікір
Мұрағат