Жер жекеменшіктен алынарда бұқаралық ақпарат құралдары тартылады
|
Өзбекстанның әділет министрлігі хабарлағандай, жер телімін алу және алынатын жер теліміндегі жылжымайтын мүлік иесіне өтемақы ұсыну тәртібі туралы ережені өзбек үкіметі бекітті. Аталмыш ереже 2020 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енеді. Жер телімі алу қажеттігі туындаған жағдайда бұл мәселе ең алдымен аудан және қала басшылығымен, я болмаса жерді жалға алған инвестормен немесе қожайынымен, сондай-ақ, бұқаралық ақпараттың қатысуымен талқыланатын болады. Бұл демократиялық талапқа сай келеді. Аталған ереже талаптарына сай басшылықтағылардың жер телімін алу туралы шешім қабылдауға құзыреті жоқ, ал алынатын жер теліміндегі жылжымайтын мүліктің бағасын бағалаушы ұйым айтады. Хокимият немесе инвестор, жер қожайыны өтемақы түрі, мқлшері және мерзімі бойынша өзара келісіп, нотариалдық тұрғыдан расталады. Өтемақыны жер қожайынына хокимият немесе инвестор береді, ал жер теліміндегі жылжымайтын мүлікті өтемақысыз сүруге жол берілмейді. Бұл процедуралар прокуратура тарапынан қадағаланады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, осы жылдың тамыз айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қолы қойылған жарлықта: «лауазымды тұлғалар мемлекет қарауындағы жекеменшікке қол сұғуға болмайтынын, бұрын жекешелендірілген жекеменшіктегіні кез келген сылтаумен алудыңорынсыз себеппен мүлікті сүрудің , заңға қайшы келетіндігін түйсінбейді», деа айтылған болатын. Сондай-ақ, аталмыш жарлықта мемлекеттік қызметкерлердің жер телімін бөлуде өз бетінше әрекетке баратындығы айыпталған еді. Осыған байланысты мұндай құқық бұзушылыққа жол бергендерге жауапкершілікті күшейту, жекеменшік иесінің конституциялық құқығын қорғау кепілін арттыру талап етілген болатын.