Жендет болудан бәрі қашып отыр...
|
Зимбабведе бірде-бір жендет болмауына байланысты өлім жазасына қатысты үкімдер орындалмай жатыр. Яғни, кадрдың тапшылығынан өлім жазасына қатысты үкімдерді ел билігі кейінге шегеруде. "Интерфакс" ақпарат көзінің хабарына қарағанда, аталмыш елде жендет болуға ешкімнің құлшыныс білдірмегені Конституциялық соттың мәжілісінде белгілі болған. Бұл өз кезегінде сот жүйесінің де, тіпті, өлім жазасына кесілген тұтқындардың да көңілінен шығар емес. Өлім жазасы бар да оны орындайтын жендеттің болмауы сот жүйесін тығырыққа тіресе, өлім жазасына кесілгендер камерасында отырғандар ел билігінен «не бүк, не шік» қылуды талап етіп отыр: я өздерін бекер үміттендірмей тезірек өлтіруін немесе өмір бойға бас бостандығынан айыру жазасымен алмастыруды талап етуде. Конституциялық соттың мәжілісінде белгілі болғандай, ел аумағында жендет болуға ешкім құлықты емес.