Жемқорлықпен күрес нәтижесі қандай?
Жемқорлықпен күрес нәтижесі қандай?
8 жыл бұрын 3148 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай Компартиясының орталық комиссиясы шетелге қашқан жемқорлардың елге оралып, мемлекет қазынасына қол салғаны үшін өкініш білдіргендіктен оларға кешірім берілген жағдайлардың болғандығын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, осындай қылмыспен шетелге бой тасалағандардың арасында өз еркімен елге оралған және депортацияланған 40 жемқордың 15-і түрлі жаза мерзімін арқалаған, олардың 3-не кешірім берілген. Стастикалық мәлімет бойынша (аталмыш комиссия келтірген дерекке сәйкес) негізінен мұхит асып, АҚШ-қа, Канадаға және Австралияға бой тасалаған 100 адамға халықаралық іздеу жарияланған екен. Жоғарыда айтқанымыздай, олардың 40-ы елге оралған, кейбіреуі өз еркімен, кейбірі қайтарылған. Олардың кейбіреуі қылмысының жеңіл болуына байланысты жазаға тартылмаса, кейбіріне өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданған. Айта кетейік, 2013 жылдығ наурыз айында Си Цзиньпин ҚХР төрағасы болып сайланғаннан кейін ол өзі жүргізетін саясатта сыбайлас жемқорлықпен күресті өзінің басты мақсаты етіп алған болатын. Коррупцимен күресте шортандарды да, майшабақтарды да аямады. Жемқорлықпен көзге түскен компартия мүшелері де, соның ішінде, Орталық компартия темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. Солардың бірі - Орталық компартия мүшесі - Чжоу Юнкан. Ауыр салмақты саясаткер 2016 жылы өмір бойы бас бостандығынан айырылды. 

0 пікір
Мұрағат