|
Жапониядағы 15 жасқа дейінгі балалар саны биыл рекордтық деңгейде азайды
|
Жапониядағы 15 жасқа дейінгі балалар саны биыл рекорд дәрежеде азайды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлаған. Биылғы жылдың сәуір айындағы есеп бойынша Жапонияда 15 жасқа дейінгі балалар саны – 7,85 млн ұлдар, 7,48 млн қыздар, яғни, жалпы саны 15 330 мың. Бұл былтырғы көрсеткіштен 180 мыңға аз.
Жапонияда жастар саны тоқтаусыз 38 жылдан бері азайып келеді. Мемлекетте 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер халықтың 12,1 пайызын құрайды. Жалпы халықтың қартаюы, жұмысқа жарамды жас буынның азаюы және зейнеткерлердің көбеюі жапондарда негізгі шешімі табылмаған әлеуметтік мәселелердің бірі болып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті