Жануарлар әлемі: Қожайынымен бірге ән салатын «қазақ» мысығы желіде жұлдызға айналды (видео)
Жануарлар әлемі: Қожайынымен бірге ән салатын «қазақ» мысығы желіде жұлдызға айналды (видео)
9 жыл бұрын 10683

Қожайынымен бірге ән салатын «қазақ» мысығының видеосы Instagram парақшасына жүктелді.

Қожайыны мысығына әндетіп «мияулауын» сұраған сайын жауап қайтаратын мысықтың өнері талайдың таңдайын қақтырған. «Скажи кошечка мияу» деп аталатын видеоға 3000-нан астам пайдаланушы пікір қалдырған.

Тбилиси зообағынан қашып шыққан пингвин Әзірбайжанға дейін жүзіп барған

Өткен аптада Гүржістан астанасы – Тбилиси қаласынан су тасқыны кезінде хайуанаттар бағынанқашып шыққан африкалық пингвин Әзірбайжан шекарасына дейін жүзіп барған.

«Грузия Online» порталының хабарлауынша, құсты Храми өзеніндегі Қызыл көпір астынан тауып алған. Тбилиси мен осынау көпірдің арақашықтығы 60 шақырымды құрайды. Ал хайуанаттар бағының өкілдері пингвинді алдыртуға мамандардың кеткендігін хабарлап отыр. Жақын күндері ол қайта торға қамалатын болады. Айта кетейік, африкалық пингвиндер Тбилисидің хайуанаттар бағына 2014 жылдың шілде айында әкелінген болатын. Ұлыбританиядан жеткізілген құстар үшін үлкен бассейні бар қоршау жасалды. Онда құм төселіп, шағын үңгірлер де жасалды.

Естеріңізге салайық, сенбіден жексенбіге қараған түні Тбилисиде толассыз жауған жаңбыр салдарынан Вэра өзені арнасынан асып, қаланың біраз бөлігін су шайып кеткен болатын. Табиғи апат салдарынан 15 адам қайтыс болып, 37-сі жарақаттанды. Сондай-ақ, хайуанаттар бағы толықтай қирап, ондағы жыртқыш аңдар мен жан-жануарлар бостандыққа шығып кетті. Ал шыға алмағандары тұншығып өлген. Тәртіп сақшылары жыртқыштарды аулай алмағандықтан көпшілігін атып тастауға мәжбүр болды. Арасында адам өміріне қауіп төндіретін арыстан мен аюлар және қасқырлар бар.

 

Дания жағалауынан өте сирек кездесетін жануар табылды (видео)

Ғылыми тілде «ақ теңіз» доңызы аталатын бұл жануарды адамдар соңғы ғасырда небәрі 15 рет кездестірген. Бұл туралы nur.kz сайты 24.kz ақпарат көзіне, ал 24.kz epochtimes.ru порталына сілтеме жасай отырып, хабар  таратты.
Теңіз жануары көзден таса болудың шебері болып шықты. Ғылыми мәліметтерге сәйкес, олар өткен ғасырдың тек 1911, 1928, 1929, 1937 және 1988 жылдары ғана Украина, Ирландия, Шотландия мен Даниядағы көк айдыннан байқалған.

Ал ең соңғы рет ол осыдан 8 жыл бұрын Сан-Францискодағы көпірдің астынан бой көрсетіпті. Биологтардың айтуынша, теңіз доңызы (бұл жануар түсінің ақтығына бола  «теңіз доңызы» аталуы мүмкін – islam.kz ред.) жұртты ерекше қылығымен де таң қалдырған. Себебі, әдетте жасырынып жүзетін сүтқоректі бұл жолы өзін бейнеге түсірген кемеге жақындап келіп, суда емін-еркін ойнаған екен.

 

0 пікір
Мұрағат