Жануарлар әлемі: 300 аю өлтірілді
Жануарлар әлемі: 300 аю өлтірілді
9 жыл бұрын 11504

АҚШ-тың Флорида штатында қара аю тұқымдастарын бақылау жөніндегі бағдарлама аясында үстіміздегі жылдың қазан айының 24-25 күндері аралығында олардың 320-сы өлтірілді. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты. Жыртқыш хайуанды атуға төрт мың адамға рұқсат берілгені айтылған. Қара аюды атуға рұқсат берілгендер арасында 16 жастағы бозбала да бар. Ол кейінгі кезде көбейіп кеткен әрі елді-мекенді жағалап, адамдарға қауіп төндіре бастаған қара аюлардың бірін өлтірген екен. Ол өлтірген аюдың салмағы 80 келіге тартады. Аталмыш штат билігінің мәліметіне қарағанда, Флорида аумағында 40 жылдың ішінде қара аюлардың қарасы 3,5 мыңға дейін жеткен. «Биологиялық тұрғыдан алғанда, бұл көрсеткіш бәлендей қауіпті саналмайды»,- деді балық аулау және аңшылық мәселелерімен айналысатын комиссияның өкілі Томас Изон. Осылай деген ол қара аюлардың адам өміріне қауіп төндіре бастауына байланысты осындай қадамға барып отырғандарын жеткізді. Ал жануарларды қорғау ұйымдарының мамандары штат билігінің бұл уәжімен келіспей отыр. Олар штат билігін қоқысты дер кезінде тазалау мәселесімен шұғылдануға үндеп отыр. Олардың айтуынша, аюлар осы қоқысқа тасталатын қалдық тағамдарды аңдып келетін көрінеді. Аталмыш ақпарат көзінің дерегіне үңілсек, соңғы екі жлдың ішінде штат тқрғындарының төрттен бірі аюлардың шабуылынан зардап шеккен. 

 

Бойжеткен аюмен бетпе-бет кезікті (видео)

АҚШ-та Аляскада саяхаттап жүрген бойжеткен аюмен бетпе-бет кездесіп қалды. Бұл туралы «Қамшы» порталы segodnya.ua-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Күркесін құрып енді жайғаса бергенде турист қыз жанына аю жетіп келгенін байқамай да қалды. Өзіне жақындай бергенде ғана барып байқаған ол аюды айқайлап, газды баллон шашып қумақшы болған. Айқайдан кейін аю кері шегініп, туристің қайығын күл-парша етіп тастағаны видеода анық көрінеді.

«Жұмысын» бітірген аю қызды жайына қалдырып, өз бетімен кетіп қалған.

0 пікір
Мұрағат