|
Жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген қуат бойынша Азия алда келеді
|
Азия экологиялық жағынан таза энергия өндірісі бойынша көш бастады. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Power ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2024 жылы жаңғыртпалы энергия көздерінің жаһандық қуаты 15% -ға өсуіне қарамастан, кейбір өңірлер бұрынғысынша артта қалып, бүкіл әлемдегі өтпелі кезеңде алшақтықты ұлғайта отырып отыр. Жаңғыртпалы энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA) 2025 жылғы статистикасына сәйкес Азия 2024 жылы жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген қуаттың 71% -на ие. Одан кейінгі орындарға 12,3% және 7,8% -бен Еуропа мен Солтүстік Америка табан тіреген. Жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген қуат бойынша рекордтық өсім болғанына қарамастан 2030 жылға таман 11,2 тераватт (ТВт) энергия өндіру көзделген жаһандық мақсатқа жету үшін қажетті қарқынға әлі де жетпейді, деп атап өтті ІRINA. Егер мұндай қарқын сақталса, әлем 0,9 ТВт-қа жетпей, тек 10,3 ТВт-қа жетеді. Африка құрлығының, Еуропа, Орталық Америка және Кариб бассейні елдерінің жалпы үлесіне жалпы қуат өсімінің 2,8% -ы тиесілі. Ірі экономикалық мүмкіндіктер мен даму мүмкіндіктеріне қарамастан, Африка жаңғыртпалы энергия көздері саласындағы қуатын 7,2% -ға ғана арттырған. Өткен жылы әлем 582 гигаватт (ГВт) жаңғыртпалы энергия көздерінің қуатына қол жеткізді. Мұнда күн және жел энергетикасы басым, олардың үлесіне 2024 жылғы барлық таза өсімнің 97,5% тиесілі, оның үстіне, біріншісі 453 ГВт-ға ұлғайды, ал екіншісі 114 ГВт-ты артқан.