Жаһилияға тән әдет тенденцияға айналып келеді
Жаһилияға тән әдет тенденцияға айналып келеді
3 жыл бұрын 3009 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Келесі он жылдықта әлем бойынша қыз балалардың туу көрсеткіші күрт төмендейді. Бұған соңғы жылдары жасанды түсік жасату тәжірибесі мен ұл баланы артық көретін көптеген елдердің кері кеткен салт-санасы себеп болмақ. Дәлірегі, осындай себеппен келесі он жылдықта 4,7 миллион қыз бала кем болмақ. Яғни, жаһилия (қараңғылық) дәуіріне тән тенденция жаппай сипат алайын деп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде BMJ медициналық мерзімді басылымына жөн сілтеген «Франс-Пресс» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар мұндай тұжырымға соңғы жарты ғасырдағы үш млрд туу көрсеткіші туралы деректерді сараптау нәтижесінде келген. Ғалымдардың жыныстық алалаушылыққа қатысты демографиялық болжамы бойынша 2100 жылға қарай ұл мен қыз балалар арасындағы сәйкессіздік (диспропорция) 22 млн-ға жетпек. Осының кесірінен жалғызілікті ерлер ұарасы көбейеді. Келешекте бұл жайт өз кезегінде әлем тұрғындары мен неке санын азайтады. Ғалымдар бұл тарапта әлемнің негізінен оңтүстік-шығыс Еуропаның, сондай-ақ, Азияның оңтүстігі мен шығысындағы 12 елі бойынша 1970-ші жылдардан бастап ерлер мен әйелдер диспропорциясын талдап, оның 17 елдегі әлеуметтік және мәдени факторларға әсерін зерделеген екен.

0 пікір
Мұрағат