Исламофобиялық саясатқа байланысты Франция «ми жылыстауына» тап болды
Исламофобиялық саясатқа байланысты Франция «ми жылыстауына» тап болды
2 жыл бұрын 1364 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Білімі жоғары немесе білікті мұсылмандар Франциядан жаппай кетіп жатыр. Елдегі исламофобиялық саясатқа байланысты. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша аталған елден кеткендер ең алдымен жалақысы жоғары әрі біліктілігі бойынша мансабының өсуіне жағдай жасалға өзге елдерге, атап айтқанда, АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Канадаға, Біріккен Араб Әмірлігіне қоныс аударған. Олардың барлығы бірдей Франциядағы еңбек нарығында өршіп тұрған нәсілдік кемсітушілік пен діни алалаушылықтан жәбір көргендерін жеткізген. Әсіресе, шариғат шәлісін таққан мұсылман әйелдердің құқығы жиі бұзылған. Наташа есімді 38 жастағы мұсылман әйел 2020 жылы Парижден Лондонға қоныс аударған. Ол Францияда мансап құруға діни фактордың кедергі келтіретінін іштей топшылайтын, түйсігі алдамаған екен – Лондонда аз уақыт ішінде мансабы жоғары көтерілді, Париждегіден бірнеше есе көп табыс тапты. Лил университетінің профессоры Оливье Эстевеса да мұндай тенденцияның белең алып кеткенін алға тартып отыр – соңғы уақытта елден 1070-тен аса біліктілігі жоғары мұсылман өзге елдерге қоныс аударған діни шектеуге байланысты.

0 пікір
Мұрағат