Иран режимі шариғат шәлісін дұрыс тақпағандарды табу үшін қытай технологиясын қолдануда
|
Қытайдың коммунистік партиясы елдегі оппозициялық қызметті бақылау әрі басу үшін адамды тану жүйесін пайдаланады. Адам құқығына қайшы бұл әрекетті Иран режимі де наразылық білдірушілерге қолдануға көшті. Сот шешімінсіз, санкциясыз. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде FOX NEWS америкалық дерек көзіне жөн сілтеген cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үш ай бойы толастамаған шиғалар еліндегі халық толқуын қайткен күнде де басу үшін аятолла бастаған Иран режимі өмір бойы бас бостандығынан айырудан бастап, өлім жазасына дейінгі қатаң репрессиялық шаралар қолдануда. Шеруге қатысқандарды қытай технологиясының көмегімен ұстап жатыр. Қытай технологиясын, сонымен қатар, хижабты дұрыс тақпағандарды табу үшін қолдануда екен айтылған хабарламада. Мемлекеттің қауіпсіздік күштері жазықты болып қалғандарды үйіне барып тұрып тұтқындауда. Сондай-ақ, көптеген әйелдер көшеде тәртіп сақшыларын кездестірмегенімен елдің сот жүйесінен «хиджаб кию туралы заңды бұзды» деп хат алғанын жайып салуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес Парсы елі көптеген жылдар бойы барлық азаматтардың «биометриялық деректер базасын», соның ішінде бет-әлпетін сканерлеуді жүзеге асырып келеді. Автократияға негізделген Иран режимі заң талаптарын орындау және наразылық білдірушілерді мақсатты түрде тұтқындау үшін әлеуметтік желілерді бақылау мен цифрлық бақылауды күшейткен.