Ғаламторда ұрсысатындар үшін түрме жазасы енгізілді
Ғаламторда ұрсысатындар үшін түрме жазасы енгізілді
9 жыл бұрын 3377

Біріккен Араб Әмірліктерінде ғаламторда ұрсысатындарға қатаң жаза енгізілді. Компьютердің алдында отырып алып, бір-бірін тілдейтіндер ендігі жерде абақтыға жабылады. Яғни, ғаламторда тіл тигізу киберқылмыспен теңестірілді. Бұл жайында «The Daily Mirror» ақпарат көзі хзабар таратты. Тек түрмеге қамалмайды, сондай-ақ, 250 мың дирхам (шамамен 67 мың доллар) айыппұл төлейді. Ал шетелдіктерді елден қуады. Аталмыш заңның құрығына алдымен WhatsApp арқылы біреуді балағаттаған осы елдің азаматы ілінді. Алғашқыда сот оған 780 доллар айыппұл салды. Алайда, Әбу-Дабидің жоғарғы соты бұл үкімді тым жұмсақ деп тауып, оның ісін қайта қарап жатыр. 2012 жылдың маусым айында «Құдайға тіл тигізгені және діні мен Королдік билігіне немқұрайдылық танытқаны үшін» саудиялық тілші әрі блогер Рауф Бәдауи тұтқындалған болатын. Өткен жылдың мамыр айында оны ондаған жылға абақтыға жауып, айыппұл салып, мың дүре соқтырды. Айта кетейік, үстіміздегі жылдың маусым айының 7-і күні сот дүре соқтыру жазасын сол айдың 12-і күнінен бастап қалпына келтіру турасында шешім шағырды.  

0 пікір
Мұрағат