Француздар Араб түбегінде аса ірі мұнай-химия кешенін салады
|
Француздардың TotalEnergies компаниясы Saudi Aramco ұлттық мұнай компаниясымен құны бірнеше млрд долларды құрайтын мәміле жасасты. Бұл жайында islam.kz порталы oilcapital ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Саудия аумағындағы әл-Жүбейл өнеркәсіп аймағындағы 11 млрд доллар жұмсалатын аталмыш жоба SATORP мұнай өңдеу зауытының бір бөлігіне айналмақ. Жылына 1,65 млн тонна этилен өндіретін болады. Жаңа мұнай-химия кешеніндегі саудиялықтардың үлесі - 62,5%, ал француздардың үлесі - 37,5% болмақ. Бұдан бөлек, немістердің DHL Supply Chain компаниясымен бірігіп, аса ірі логистикалық орталық салынатын айта кеткен жөн. Saudi Aramco компаниясы тек Саудия аумағында ғана емес, сонымен қатар, оңтүстік-шығыс Азия елдерінде, атап айтқанда, Қытайдың солтүсік-шығысында орын тепкен Лиаонин провинциясына қарасты Панжин қаламсында мұнай өңдей зауыты мен мұнай-химия кешенін салуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, Оңтүстік Кореядағы жобаларға, соның ішінде мұнай өңдеу зауытын салуға 30 млрд доллар инвестиция құяды.