Еуропаның қай елдері тұрғындар санына шаққанда 20-30% мұсылман болып қалмақ
Еуропаның қай елдері тұрғындар санына шаққанда 20-30% мұсылман болып қалмақ
7 жыл бұрын 4301 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Вашингтон қаласында орналасқанPew Research зерттеу орталығы келтірген мәліметке қарағанда, кәрі құрлықтағы кей елдерде мұсылмандар қарасы 2050 жылға қарай артады. «Еуропаның өсе түскен мұсылман тұрғындары» деп аталатын есебінде әлеуметтанушылар батыс Еуропа пен шығыс Еуропа арасындағы мұсылмандар санына қатысты кереғарлыққа назар аударған екен. Нақтырақ айтқанда, Германияда мұсылман тұрғындарының саны 2016 жылғы 6,1%-дан 2050 жылға қарай 19,7%-ға дейін артады. Яғни, аталған елде бұрыннан қалыптасқандай, мұсылмандар қарасы жылдан жылға арта түспек. Ал Полшада бұл көрсеткіш аталған уақыт аралығында бар-жоғы 1 пайыздан екі пайызға дейін артпақ. Тіпті, Еуроодаққа мүше 28 елдің бәрі, сонымен қатар, Норвегия мен Швейцария да мигранттарға шекарасын жапқанымен, кәрі құрлықтағы мұсылмандар қарасы осы уақытқа дейін Еуропада орнығып қалған мұсылмандар есебінен, дәлірегі, кәрі құрлықтағы мұсылман диаспорасына тән демографиялық ахуалға байланысты өседі. Аталмыш зерттеу орталығының дерегіне сүйенсек, 2016 жылы күллі Еуропа тұрғындарының санына шаққанда кәрі құрлықтағы мұсылмандар қарасы 4,9%-ды құраған болатын. Яғни, Еуропаның 30 елінде 25,8 млн болғанын айта кету керек. Германиямен қатар Францияда да мұсылмандар қарасы артпаса, кемімейді: қазіргі уақытта халқының санына шаққанда бар-жоғы 8,8% болғанына қарамастан. Сондай-ақ, Швецияда да бұл үрдіс қалыптасып отыр – 2050 жылға қарай 30,6%-ға жетеді. Ал Финляндияда – 15%, ал Норвегии – 17%-ды құрамақ. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат