Еуропаның бір қаласы тұрғындарға үйді көмірмен жылытуға басыбүтін тыйым салды
|
Полша астанасының тұрғындары бұдан былай үйін көмір жағып жылыта алмайды. Аталға қала билігінің бұл тыйымы қазан айының 1-нен бастап күшіне енеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде поляктардың Rzeczpospolita дерек көзіне жөн сілтеген ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған еуропалық елде электр қуатының 80 пайызы көмірмен жұмыс істейді. Еуропалық экологиялық ұйымдардың сынға алуы, қала тұрғындарының түтін мен ыстан көз ашпауы және өкпе ауруына шалдыққандар санының артуы билікті энергетика саласында осындай қадамға баруына мәжбүрлеп отыр. Сөз орайы келгенде Global Energy Monitor зерттеу тобының мына дерегін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: 2023 жылдың қаңтар айында Қытай аумағында 300-ден аса электр стансасының көмірмен жұмыс істейтіні анықталды. Бұл көрсеткіш жаһандық көмірден өндірілетін қуаттың 60 пайызынан асып түседі. Қытай энергетика саласы 2022 жылы атмосфераға бөлген парникті газдың мөлшері жаһандық энергетика саласынан атмосфераға бөлінетін парникті газдың үштен бірін құраған болатын.