Еуропалық ел “алтын визаның” күшін жояды
Еуропалық ел “алтын визаның” күшін жояды
2 күн бұрын 401 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың сәвір айынан бастап Испания билігі ел экономикасына ауқымды инвестиция құйған шетелдіктерге ел аумағында ұзақ уақыт тұруға мүмкіндік беретін “алтын виза” режимінің күшін жоятынын “Ресми мемлекеттік хабаршысында” мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа нормативтiк құқықтық акт күшiне енгенге дейiн берiлген осындай визалардың бәрi көрсетiлген мерзiм iшiнде қодданыста қалады. Бұдан басқа, сәуірге дейін виза алуға өтініш білдірген инвесторлар немесе олардың туыстары өтініш берген күні қолданыста болған ережелерге сәйкес қабылданған шешімге қарай әрекет етеді. Испанияда ең көп тараған инвестиция нұсқасына 500 мың еуродан кем емес сомаға жылжымайтын мүлік сатып алуды жатқызады. Сондай-ақ, осы елде «алтын виза» алу үшін испан компанияларының акцияларына миллион еуро және одан да көп немесе мемлекеттік бағалы қағаздарға екі миллион және одан да көп еуро инвестициялауға болады. Бүгінде экономикасына қаржы тарту үшін кеңінен қолданыла бастаған мұндай процедурадан Испания неге бас тартты? Испания премьер-министрі Педро Санчес мұндай шара жергілікті тұрғындар арасында тұрғын үйге деген зәрулікті азайтып, алаяқтық жолмен табыс табушылардың жылжымайтын мүлік нарығындағы заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қояды. Осы орайда “Алтын виза” режимі бүгінде әлемнің барқатар елінде қолданысқа енгенін айта кетпекпіз. Әу баста, дәлірегі, 2013 жылы Еуропада арнайы бағдарлама ретінде пайда болған бұл виза.

0 пікір
Мұрағат