Еуропада заңсыз мигранттар қарасы бойынша алғашқы орында тұрған ел белгілі болды
Еуропада заңсыз мигранттар қарасы бойынша алғашқы орында тұрған ел белгілі болды
3 ай бұрын 2813 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания ел аумағында жүрген заңсыз мигранттар саны бойынша Еуропада бірінші орында тұр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде әлемге әйгілі Оксфорд университетінің зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген The Telegraph мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталған елде 745 мыңға тарта заңсыз жүрген мигрант бары анықталған. Бұл көрсеткіш 300 мың заңсыз мигранты бар Франциядағы деңгеден екі есе жоғары. Ал Ұлыбританияданы кейін кәрі құрлықта заңсыз мигранттар қарасы бойынша екінші орында Германия тұр – 700 мыңға жуық. Десе де Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі комиссары келтірген дерекке қарағанда мигранттар Еуропада айтарлықтай көп емес. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди Helsingin Sanomat газетіне берген сұхбатында мигранттардың көпшілігі кедей елдерге келетінін атап өтті. Африка құрлығындағы Чадтағы жағдай қиын: 17 млн халқы Чад аумағында бүгінде 1,4 млн мигрант бар. Босқындардың дені азаматтық соғыс пен климат дағдарысынан титықтаған Суданнан келген.

0 пікір
Мұрағат