Еуропа елінде 4 бірдей діни қауымдастық өз мәртебесін жоғалтты
Еуропа елінде 4 бірдей діни қауымдастық өз мәртебесін жоғалтты
5 жыл бұрын 1786 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Данияда христиандардың екі және индустардың екі діни бірлестігі мемлекет алдындағы міндетін орындамай, есеп бермегені үшін мәртебесінен айырылды. Бұл жайында аталған елдің Шіркеу істері жөніндегі министрлігі мәлім етті. Бұл арада Македон христиан қауымы мен «Иисус Христос үшін Даниядағы христиан қауымдастығы» деп аталатын, сондай-ақ, аталған елдегі сихтер жамағаты мен Шри Абирами Амман храмы турасында болып отыр. Дания Шіркеулер жөніндегі министрлік өкілдерінің айтуынша, 2017 жылы діни бірлестіктер туралы қабылданған заң талаптарына сайкес ел аумағында тіркелген 200-ге тарта діни қауымдастық өздерінің мүшелері, қаржы көздері, діни наным-сенімі туралы нақты дерек беруі тиіс-тұғын. Бұл жайында даттардың Jyllands-Posten мерзімді басылымы хабар таратты. Мәртебесінен айырылған діни бірлестіктер өздерінің қандай да бір діни жоралғыларын, мәселен, неке қию рәсімі секілді қоғамдық маңызы бар қызметтерді атқара алмайды. Алайда, мәртебесінен айырылу діни қауымдастықтың өз шегіндегі қызметіне тыйым салуды білдірмейді.

0 пікір
Мұрағат