Етті тұтынудан моңғолдар әлемде екінші орыннан көрінді. Бірінші орында қай ел тұр?
Етті тұтынудан моңғолдар әлемде екінші орыннан көрінді. Бірінші орында қай ел тұр?
6 сағат бұрын 100 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

World Population Review мәліметі бойынша ет жеуден бірінші орында Тонго (Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан шағын мемлекет) тұрғындары тұр – жан басына шаққанда жылына орташа есеппен 147,7 келі ет және ет өнімдерін тұтынады. Бұл жайында  islam.kz порталы өз кезегінде MiddleAsianNews ақпарат көзіне жөн сілтеген centralasia.media сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал бұл тізімде екінші орыннан Моңғолия көрінген – жылына 137,8 келі ет. Үшінші орынға Сент-Винсент және Гренадина тұрғындары жайғасқан – жылына әр адам 124,4 келі ет тұтынады. Төртінші орынға Америка құрама штаттары табан тіреген – жылына әр адамға 122,8 келіден айналады. Ал ет және ет өнімдерін ең аз тұтынатын елдерге келсек, бірінші орында Бурунди тұр – жылына орташа есеппен алғанда 3,7 келіден аспайды; Содан кейін Бангладеш – жылына 4 келі; Конго демократиялық республикасы – жылына 4,4 келі. Ал елімізге келсек, қазақстандықтар жылына орташа есеппен әр адам шамамен 80 келідей ет тұтынады екен.

0 пікір
Мұрағат