Ерлерге де алимент төленуі мүмкін
Ерлерге де алимент төленуі мүмкін
3 жыл бұрын 1968 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы тек әйелдерге ғана емес, сонымен қатар, баланың қамқоршысы болып қалған әке ерлерге де алимент төлеуді міндеттейтін заң қабылдауы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Известия» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш бастама мемлекеттік думаның отбасы,  әйелдер мен балалар мәселелеріне жауапты комитетте талқыланады. Мемлекеттік дума депутаттары бұл бағытта «Ресейдің Отбасы кодексінің 89-90 баптарына өзгертулер енгізу туралы» заң жобасын шілде айында қабылдауы мүмкін екені айтылған хабарламада. Осылайша алимент алудағы ерлер мен әйелдер құқығы теңестірілмек. Соның ішінде ерлі-зайыптыларға ортақ балалары өмірге келген сәттен бастап үш жыл ішінде тараптар (ерлі-зайыптылар) арасында алимент туралы келісім болмағанда және материалдық қолдау көрсетуден бас тартқанда сот арқылы алимент өндіріп алуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат