Ерекше сауда маркетингісі билікті айрықша алаңдатып отыр
Ерекше сауда маркетингісі билікті айрықша алаңдатып отыр
1 сағат бұрын 33 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сингапур билігі “соқыр қорап” теген атпен танылып үлгерген ерекше сауда-саттықты реттеуге кірісетінін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы eVnExpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құзырлы орындардың айтуынша, мұндай күмәнді сауда түрі құмар ойынға ынталандырады. Соқыр қорап – бөлшек саудада сатылатын тауар, әдетте ол ойыншық немесе коллекциялық бұйым болуы мүмкін, ерекешлігі сонда – ішінде не бары айтылмайтын қораппен қапталады. Тұтынушылар құқығын қорғаушылар мен заң шығарушылар мұндай схема өз кезегінде құмар ойынды еске түсіреді: сатып алушы мүмкіндігіне қарай аса қымбат немесе сирек кездесетін тауарға ие болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы аталған елдің парламентінде де бұл мәселе көтерілді. Сингапурдың ішкі істер әрі ұлттық қауіпсіздік министрі К. Шанмугам мұндай сауда маркетингісіне нақты бір шара қолдануға уәде берді. Соқыр қораптар ойыншық дүкендері мен онлайн базарларда тез танылған. Тиісті компанияның сайтындағы мәліметке сәйкес Сингапурда алты дүкені бар қытайдың Pop Mart сияқты ойыншық өндірушілердің табысы артқан. Онлайн ойындар мен мобилді қосымшаларда әдетте «гача» механиктері деп аталатын сандық нұсқалар кездейсоқ сыйлықтарды да қамтиды.

0 пікір
Мұрағат