ЕО 2035 жылдан кейін қазба отынымен жүретін көліктерді сатуға тыйым салу туралы келісімге келді
ЕО 2035 жылдан кейін қазба отынымен жүретін көліктерді сатуға тыйым салу туралы келісімге келді
2 жыл бұрын 1637 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропарламент (ЕП) мен Еуропалық одаққа мүше елдер 2035 жылдан кейін ЕО аумағында жаңа жанармай қозғалтқышы бар көліктер саудасын тоқтату туралы келісімге келді. Бұл жайында islam.kz порталы  Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ЕП-дегі француз депутаты, Қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Паскал Канфен автомобилдер үшін атмосфераға бөлінетін CO2 мөлшерінің стандарттарын қабылдау туралы шешімді «тарихи» деп атады, өйткені, 2035 жылға дейін автокөліктен бөлінетін көмірқышқыл газының деңгейін нөлдік деңгейге түсіру үшін бұл шешімнің маңызы зор. Оның айтуынша, бұл сала (автокөлік инудстриясы) бүгінгі таңда еуропалық елдердің атомосфераға бөлетін көмірқышқыл газының жалпы мөлшерінің 16%-ды құрап отыр. Дәлірегі, ЕО 2050 жылға дейін көміртектен ада аймаққа айналу мақсатына жетудегі елеулі қадамы болып саналады. Осылайша ЕО елдері электромобилдерге көшуін жеделтетін шешім қабылданып отыр. Бұл бағытта ортақ келісімге қол жеткізгеннен кейін жаңа заңды ЕО-ға мүше 27 елдің, Еуропарламент пен Еуропалық комиссияның өкілдері мақұлдап, қабылдауы керек. Еуропалық Одақ аумағында кәдімгі жанармаймен жүретін көліктерді сатуға тыйым салу Еуропалық Комиссияның 2050 жылға қарай ЕО-да климаттық бейтарап экономикаға, яғни, қоршаған ортаға зияны жоқ экономиканы құруға қол жеткізу жоспарының бөлігі болып табылады.

0 пікір
Мұрағат