Долларға қарсы елдер саны жақтаушылар санынан асты
|
Америка құрама штаттарының ұлттық валютасы деп айтылғанымен, әлемдік қаржы айналымы мен транзакцияның негізгі құралы саналатын долларғға қарсы елдер саны алғаш рет жақтаушылар санынан асқан. Бұл жайында islam.kz порталы regnum ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемнің 94 мемлекеті америкалық валютаға қарсы ешқандай шектеу қоймады. Мұндай мемлекеттердің арасында Панамада, Маршалл аралдарында, Салвадорда доллар ресми төлем құралы ретінде пайдаланылады. Ал екінші топқа жататын 46 мемлекет өзара есеп айырысуда өздерінің ұлттық валюталарына көшуде, осылайша жоллар айналымын шектеп келеді. Тағы 53 мемлекет америкалық доллардың жаһандық басымдығына ашық қарсылық білдіруде. Мұндай мемлекеттер қатарында автократиялық елдер қарасы көп. Мәселен, Иран, Қытай, Ресей, Солтүстік Корея, т.б.