Cоңғы 10 жылда есірткіге тәуелділердің қарасы 23 %-ға артып кеткен
Cоңғы 10 жылда есірткіге тәуелділердің қарасы 23 %-ға артып кеткен
1 жыл бұрын 756 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша есірткі тұтынатындар қарасы өсіп келеді. Соңғы 10 жылда бұл бағыттағы көрсеткіш 23 пайызға артып, 2021 жылы 296 млн адамға жеткен. Оларды 13,2 млн-ы есірткіні тамырға енгізу арқылы қабылдаған. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңалықтар қызметіне жөн сілтеген forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл мерзімде есірткіні қолданып, ауытқудан зардап шеккендер саны 10 жыл бұрынғыдан 45 пайызға артып, 39,5 миллионға жетті. Есірткіге тәуелді әрбір бесінші адам ғана тиісті ем-дом алуда. Есерткіге тәуелді адамдар арасында жастар қарасы көп. Африка құрлығында емдеу курсынан өткендердің 70 пайызы – жасы 35-ке толмағандар. Есірткіден тек адамдар ғана емес, сонымен қатар, табиғғат та зардап шегуде. Бразилия, Колумбия және Перу шекарасындағы ауылдық жерлерде тұратын кедейлер есірткі қылмысының жоғары деңгейіне тап болады. Сонымен қатар, шалғай ауылдық елді мекендерде құқық қорғау органдары мен медициналық мекемелер жетіспейді, сондықтан олардың тұрғындарына есірткі картелдерінен қорғану да, емделуге де мүмкіндігі жоқ. Амазонкадағы есірткі экономикасы қоршаған ортаға зиян келтіретін заңсыз ағаш кесу, заңсыз тау-кен өндіру, жерді заңсыз басып алу, жабайы табиғаттың саудасы сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге себеп болып отыр . Бұдан жергілікті немесе байырғы халықтар мен тайпа өкілдері жиі зардап шегеді, атап айтқанда, олар өз жерлерін тастап кетуге мәжбүр. Бір қуанарлығы, Ауғанстандағы 2023 жылғы ұлттық деңгейде есірткіге тыйым салынғаннан кейін апиын көкнәрі өндірісі күрт төмендеуі мүмкін. Бұл жайт әлемдік деңгейде есірткі бизнесіне қарсы күреске оң әсерін тигізеді. Дегенмен, апиынның азаюы өз кезегінде синтетикалық есірткі өндірісін арттыруы мүмкін. Апиынды қысқартқанымен Ауғанстан метамфетаминнің негізгі қайнар көзі болып қалған.

0 пікір
Мұрағат