Cаудия мен БАӘ жасанды зерде индустриясына қомақты қаржы салды
Cаудия мен БАӘ жасанды зерде индустриясына қомақты қаржы салды
1 жыл бұрын 848 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудия мен Біріккен Араб Әмірліктері АҚШ пен Қытайдың қуатты хабтарымен қатар өнеркәсіптік AI (жасанды зерде технологиясы) базасын құру мақсатында Nvidia-ның мыңдаған соңғы графикалық өңдеу қондырғыларын (GPU) сатып алуда. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал Financial Times қаржылық дерек көзінің мәліметінше, жоғарыда аталған мақсатта Сауд Арабиясы Nvdia-дан 120 миллион долларға 3000 соңғы H100 GPU сатып алса, ал БАӘ мыңдағанын сатып алған. Nvidia жетекшісі Женсен Хуан «генеративті AI үшін жасалған әлемдегі алғашқы компьютер [чип]» деп сипаттаған графикалық өңдеу қондырғыларының (GPU) әрқайсысы 40 000 доллар тұрады. Осылайша аталған екі араб елі де экономикасын мұнайға тәуелділіктен құтқару бағытында батыл қадам жасады. Сауд Арабиясы корол Абдалла атындағы ғылым және технология университетінің әлеуетін пайдалана отырып, Grace Hopper деп аталатын 700 Nvidia суперчиптерін іске қосу арқылы Shaheen III деп аталатын суперкомпьютер жасап, GPT-4 OpenAI сияқты өздерінің үлкен тіл үлгісін қалыптастырғысы келеді. 2017 жылы әлемдегі алғашқы AI министрлігін құрған БАӘ қолданыстағы Falcon тіл үлгісін құруға талпынған болатын. Falcon Nvidia A100 графикалық процессорында оқытылды және оны Масдар-Ситидегі технологиялық инновациялар институты әзірледі.

0 пікір
Мұрағат