|
Бүгінде Еуропадағы ең жас халық анықталды
|
Еуропалық одаққа мүше елдердің медиандық жасы (анықтамасы төменде берілген – ред.) тоқтаусыз өсіп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ЕО-дағы медиандық жас 2015 жылы 42,8 болса, 2025 жылдың қаңтар айының басындағы дерек бойынша 44,9-ға артқан. Eurostat мәліметіне қарағанда, Ео халқының жартысы бүгінде 44,9 жастан асып кеткен, ал қалған жартысы – осы жастан кіші. Медиандық жастың ең кіші коэффициенті Ирландияда - 39,6, ең жоғары коэффиценті Италияда тіркелген – 49,1. Жалпы алғанда, ЕО-ның медиандық жасы соңғы он жылда 2,1-ге ұлғайған. Халықтың қартаюы Словакияда және оңтүстiк Кипрдiң грек әкiмшiлiгiнде байқалады, онда медианалық жас 4 жылға өстi. Италияда ол 3,9 жылға, Греция мен Полшада 3,8 жылға, ал Португалияда 3,7 жылға ұлғайды. Түркия - Еуропаның ең жас елі. Сонымен қатар, Түркия халқының орташа жасы 34,4 жасты құрады. Осылайша, Түркия осы көрсеткіш бойынша Еуропаның ең жас елі ретінде ерекшеленеді.
Анықтама: Медиандық жас - халықты екі бірдей бөлікке бөлетін жас: белгілі бір шартты түрде алынған жастан кіші адамдардың үлесі және осы жастан үлкен адамдардың үлесі. Яғни, егер елде медиандық жас 30 жасқа тең болса, онда халықтың жартысы 30 жасқа толмаған, ал қалған жартысы 30 жастан асқан. Медиандық жас халықтың құрылымын және оның демографиялық үрдістерін бағалау үшін маңызды көрсеткіш. Мысалы, егер елдің медиандық жасы өссе, бұл құбылыс егде жастағы халықтың үлесі артып, жастар санының азаюын білдіреді. Ал бұл жайт денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау, экономика және еңбек нарығы сияқты елдегi өмiрдiң түрлi аспектiлерiне әсер етуi мүмкiн.