Босқындарды жайғастыру үшін қанша қаржы жұмсалды?
|
Еуродақ босқындарды жайғастыру үшін 10 млрд еуроға тарта қаржы шығындаған. Бұл қаражат ЕО елдеріне амалсыз қоныс аударған босқындар үшін инфрақұрылымға жұмсалған. Бұған қоса, қаражаттың бір бөлігі Қызыл Айшық, Жарты Ай, Халықаралық Көші-қон ұйымы, т.б. секілді халықаралық ұйымдар арқылы босқындардың жағдайын жасауға кеткен. Айта кетейік, 2015 жылы кәрі құрлыққа Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігінен екі миллионға жуық босқын келген. Үш мыңдай босқын Жерорта теңізінде көз жұмған. Босқындар дағдарысы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей сипат алған. Ал Түркияның бір өзі 2,7 млн сириялық босқында қабылдаған екен. Бұл жайында аталған елдің премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы мәлім етті. Оның айтуынша, Түркия билігі олардың қажеттілігіне 10 млрд доллардан астам қаражат жұмсаған.