|
Биыл бір мемлекеттің өзі атмосфераға 5,2 млрд тонна көмірқышқыл газын бөледі
|
Болжам бойынша Қытайдың электр энергиясын өндіруден атмосфераға бөлітін көмірқышқыл газы 5,2 млрд тоннаға жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Power ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал көмірден өндірілетін электр энергиясының өндірісі сағатына 5,55 трлн киловатқа жетпек. 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіруде қазылмайтын, яғни, қазба отын пайдаланылмайтын, яғни, жаңыртпалы энергияның үлесі 57% -ға дейін өсуі мүмкін, ал жел және күн энергиясы 35,8% -ға жетеді. Энергетикалық сектордан атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтар 2025 жылғы деңгеймен салыстырғанда 4,58 млрд тоннаға дейін төмендеп, 11,9% -ға қысқарады. Бұл жайт өз кезегінде он жылда Қытайға энергия жүйесіне жұмсалатын қаржыдан 400 млрд юанға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.