Бір жылда ядролық жаппай қарулануға 82 млрд доллардан аса қаражат жұмсалған
Бір жылда ядролық жаппай қарулануға 82 млрд доллардан аса қаражат жұмсалған
1 жыл бұрын 833 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша жаппай қырып-жоятын қаруға өткен жылы қыруар қары бөлінген. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ядролық қаруға ие он ел жаппай қырып-жояын қару шығыны үшін жалпы мөлшері 82,9 млрд доллар жұмсаған. Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампания келтірген дерекке қарағанда, жаппай қырып-жоятын қаруға ең көп шығындаған АҚШ болды -  43,7 млрд доллар. 5 мың 244 ядролық оқтұмсыққа ие бір ғана АҚШ-тың бұл салаға бөлген қаражаты қалған тоғыз елдің бәрін қосқандағы ядролық қару шығынан асып кеткен. Ұлыбритания – 6,8 млрд доллар (225 ядролық оқтұмсыққа ие); Франция – 5,6 млрд доллар (290 ядролық оқтұмсық); Израил – 1,2 млрд доллар (90 ядролық оқтұмсық); Ресей федерацясы – 9,6 млрд доллар (5889 ядролық оқтұмсық); Пәкістан – 1 млрд доллар (170 ядролық оқтұмсық); Үндістан – 2,7 млрд доллар (164 ядролық оқтұмсық); Қытай – 11,7 млрд доллар (410 ядролық оқтұмсық); Корея халық демократиялық республикасы – 0,6 млрд доллар (20 ядролық оқтұмсық). Ядролық қарумен жанталаса жаппай қарулануға орасан зор қаржы жұмсалғанымен қауіпсіздік саласындағы күрделі ахуал жақсарған емес.

0 пікір
Мұрағат