Бір ғана техногендік апаттың зардабы жүздеген шақырымды қамтиды
Бір ғана техногендік апаттың зардабы жүздеген шақырымды қамтиды
3 жыл бұрын 1389 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемде халқының тығыздығы бойынша алғашқы орында тұрған Бангладеш билігі осы айдың басында күллі елді дүр сілкіндірген жүк қоймасындағы алапат өрттің себеп-салдарын зерттеумен, тексерумен айналысып жатқанда ғалымдар бұл апаттың салдары қоршаған орта  мен жергілікті тұрғындар денсаулығына ұзақ уақыт бойы кері әсерін тигізетінін алға тарттып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 40-тан аса адамның өмірін жалмап, 200 адамды түрлі деңгейде жарақаттаған өртті сөндіруге аттай үш күн кетті. Биылғы ең ауыр техногендік апат елде тігілген киімдер экспортының көп бөлігі жөнелтілетін Шиттагонга айлағы (аталған елдің оңтүстік-батыс) маңындағы Ситакунда қоймасындағы өрт пен осы өрттің кесірінен орын алған жарылыстан айлақ жұмысшылары мен өрт сөндірушілер қатты зардап шекті. Өрттің неден пайда болғаны әлі белгісіз, сарапшылардың болжамы бойынша өрт сутегі тотығы толтырылған контейнерден қауіпті заттың сыртқа жылыстауы себеп болуы мүмкін. Ресми жауап осы айдың аяғында жарияланады. Бангладештің ғылыми және өнеркәсіптік зерттеу кеңесінің жетекшісі Мұхаммед Аптап Әлі Шейх өрт шарпыған аймақтың суы мен топырағына түрлі химиялық қоспалардан орасан зор залал келгенін жоққа шығармайды. Суға тап болған, топыраққа сіңген химиялық заттар жел мен жаңбыр арқылы жүздеген шақырымға дейін таралады. Өрт пен жарылыс салдарынан пайда болған газ ауа арқылы көрші өңірлерге де тарап кеткен.

0 пікір
Мұрағат