Бауырлас екі түркі елі визасыз режимге көшті
Бауырлас екі түркі елі визасыз режимге көшті
4 жыл бұрын 2932 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Сәуір айының 1-нен бастап Түркия мен Әзірбайжан азаматтары өз елдерінің жеке басын куәландыратын құжатпен ғана екі ел аумағында еркін жүріп-тұратын болады. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасмай отырып мәлім етеді. Түркия әскерилері Әзірбайжанға Армения басқыншыларынан Таулы Қарабақты азат етуде көрсеткен саяси әрі әскери қолдауынан кейін жандана түскен екі ел арасындағы бауырмашылдыққа негізделген байланыс «Бір ұлт – екі мемлекет» ұрына аясында одан ары тереңдей түсті. Өзара виза режимін алып тастау туралы үкіметаралық келісімге екі ел билігі 2020 жылдың ақпан айының 25-і күні қол қойған болатын. Бұрын Әзірбайжан сыртқы істер министрлігі ел азаматтарының Түркия аумағына жеке басты куәландыратын биометриялық құжат арқылы визасыз сапарлай алатыны жөнінде мәлімдемесін жариялаған болатын. Түркия аумағына визасыз болу мерзімі – 90 күн. Ал Түркия арқылы өзге елге жолға шыққандар өзімен бірге шетелдік төлқұжатын алып жүруі тиіс.

0 пікір
Мұрағат