Баласына дұрыс тәрбие бермеген 2000-нан аса ата-ана жауапкершілікке тартылды
Баласына дұрыс тәрбие бермеген 2000-нан аса ата-ана жауапкершілікке тартылды
5 жыл бұрын 2289 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстан билігі 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында 2230 ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Балаларының сабағы мен тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін. Бұл жайында аталған елдің бас прокуратурасы мәлім етті. Балаларының оқу үлгерімі мен тәрбиесіне салғырт қараған ата-аналардан өндіріліп алынған айыппұлдың жалпы мөлшері туралы дерек жоқ, десе де бұл елде мұндай жауапкершілікке тартылғандарға салынатын айыппұл мөлшері 165 сомонды құрайтынын айта кету керек. Бұл тәжіктер үшін қомақты қаражат. Бұдан бөлек, аталған мерзім аралығында 100 ата-ана қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Балаларының білім алуына жағдай жасамағаны немесе кедергі келтіргені үшін, сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған қыздарын ұзатқаны үшін. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Тәікстанда кәмелет жасына толмағандардан 907 бала қылмыс жасаған. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 31%-ға көп.

0 пікір
Мұрағат