Балалардың жаппай қолсыз тууына байланысты тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіледі
Балалардың жаппай қолсыз тууына байланысты тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіледі
6 жыл бұрын 2989 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Франция билігі қолсыз туушылардың кюбеюіне байланысты ұлттық тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізуге бел буып отыр. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты. Мұндай аномалия аталған елдің аймағында байқалып отыр: Швейцариямен шектесетін елдің шығысындағы Эн департаменті, Бретаниде және елдің батысында орын тепкен Атлантикалық Луара департаментінде. Агенезияның (дене бөлігінсіз туу) алғашқы дерегі осы жылдың шілде айында тіркелген болатын. Артынан белгілі болғандай, 2009-2014 жылдар аралығында Дрюйя коммунасынан 17 шақырымдық радиуста жеті баланың қолсыз тууына пестицидтің жағымсыз әсері себеп болған. Тағы үш баланың қолсыз тууы Атлантикалық Луара мен Бретанияде тіркелген. Бұдан бөлек, 2000 жылдан бері Энде 11 баланың қолсыз туғанына анықтаған. Сондай-ақ, аталған елде туған балалардың 19 пайызында кемістік байқалған. 1956-1962 жылдар аралығында 8-12 мың бала кемтар болып туған. 

0 пікір
Мұрағат