Бала санын көбейту үшін тың бастама қолға алынды
Бала санын көбейту үшін тың бастама қолға алынды
6 жыл бұрын 3233 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Италия билігі үшінші перзент сүйген отбасыға жер бөліп беру туралы ұйғарымға келді. Бұл жайында The Local ақпарат көзі хабар таратты. Яғни, жер алғысы келетін отбасылар 2019-2021 жылдар аралығында үшінші перзентін дүниеге әкелуі тиіс. Талап сондай. Ауыл шаруашылығына арналған жер 20 жылға берілмек. Бұл жобаны "Лига" ультраоңшыл партия ұсынып отыр. Олардың бұл ұсынысы 2019 жылдың бюджетінің жобасына енгізіліп те қойды. Осылайша аталған ел билігі туу көрсеткішін жақсартып, демографиялық ахуалды оңалдыруды көздеп отыр. Ел билігінің мұндай ынталандыру шарасына баруына өткен жылғы туу көрсеткішінің рекордтық деңгейге дейін төмендегені себеп болған. Яғни, өткен жылы шамамен елде 464 000 бала өмірге келген. Бұдан бөлек, ел билігі осы шара арқылы қымбат тұратын, сол себептен екінің бірі қол жеткізе алмайтын мемлекет қарамағындағы жер теліміне қатысты мәселені де шешіп алғысы келеді. 

0 пікір
Мұрағат