Азық пен тағам өнімдерінде палма майын пайдаланғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
|
Ресей Федерациясында тағам өнімдерін дайындағанда палма майын қолдануға тыйым салынуы мүмкін әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын болады. Мемлекеттік дума мәжілісінде парламенттің төменгі палата спикері Вячеслав Володин осындай ұсыныс білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, тағам өндірушілер арзан қоспалар (ингредиент) есебінен қаржылық пайда көруді көздейді, алайда, мұндай арзан қоспалар адам денсаулығына зиянды. Мұндай зиянды қоспаларды пайдаланғандарға аса ірі мөлшерде айыппұл салу керек. Осылай деген ресейлік депутат бүгінде тағам өнімдерінде палма майының кеңінен қолданылатынын атап өтті. Егер тағам сүт өнімдерінен әзірленсе, оған арзан қоспаларды қосуға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды. Палма майы оңтүстік-шығыс Азия елдерінде, атап айтқанда, Малайзия мен Индонезия аумағында өндіріледі.
Ұқсас материалдар:
«Пальма майының ең басты қатері анықталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/palma-maiynyn-en-basty-qateri-anyqtaldy-11416/#gsc.tab=0);
«Пальма майы төңірегіндегі дау өршіп барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/palma-maiy-toniregindegi-dau-orship-barady-11630/#gsc.tab=0)