Астыртын неке қиған молдалар жазаланады
Астыртын неке қиған молдалар жазаланады
7 жыл бұрын 4446 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда мемлекеттік мекемелерде жұп құрғандардың некесі тіркелмей тұрып, олардың некесін қиған молдалар жазаланатын болады. Жазаланғанда да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл жайында өзбек бұқаралық ақпарат құралдары ел президенті Шавкат Мирзиевке сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Өткен аптада мемлекет басшысы әлеуметтік тұрақтылықты, ислам дінінің  шынайы мәні мен мазмұнын сақтау мәселелері бойынша жиынға қатысып, сөз сөйлеген болатын. "Құрметті имам хатыбтар, азаматтық хал актілерін тіркеу органдары тарапынан берілетін құжатты тексермей тұрып, түрлі байлардың некесін қию арқылы сіздер қоғамға қандай залал келтіріп отырғандарыңызды түсінесіздер ме?",- деді ол. Осылай дей келе ол мұндай некеден туған бала ертең өскенде қоғамның толыққанды мүшесі бола алмайтынын, мұрагерлік мәселеде болсын, балалар бақшасына, мектепке қабылданар кезде де қиындықтарға тап болатынын ескертті. Айта кетейік, аталған елде ер адамдар тек 18 жасқа толғанда, ал қыздар 17 жасынан бастап неке қидыра алады. Бұл жасқа жетпей неке қидырғандарға Әкімшілік және Қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазаланады. Яғни, ірі сомада айыппұл төлейді немесе үш жылға дейін түзету жұмыстарына жегіледі. Десе де бұл заңнан айналып өткісі келетіндер имамдарға некесін жасырын қидырып жатады. Өзбекстанның бас прокуратурасының келтірген дерегіне қарағанда, 2013-2014 оқу жылында лицелер мен колледждерде оқитын 2110 қыздың тұрмысқа шығып кеткен. Ата-анасының мәжбүрлеуімен. 

0 пікір
Мұрағат