Әрбір оныншы тұрғын есірткіге тәуелді болып қалған
|
Ауғанстанда ұзын саны 4 млн есірткіге тәуелді адам бары анықталды, яғни, аталған елдің әрбір оныншы тұрғыны осынау жат әдеттен зардап шегеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ауғанстан ислам әмірлігінің есірткімен күрес жөніндегі министрдің орынбасары Әбдірахман Қасым келтірген дерекке жөн сілтеген Shamshad news ақпарат көзіндегі мәлімет бойынша хабар таратқан Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әбдірахман Қасым осылай дей келе есірткіден тек осы жат әдетке тәуелді болған адам ғана емес, оның орташа есеппен алғанда жеті жаннан тұратын отбасы мүшелері де зардап шегеді. Сол себепті, бұл қоғам дертіне айналған. Ел астанасы – Кабул қаласында орын тепкен, есірткіге тәуелділіктен емдейтін «Агуш» оңалту орталығында сөйлеген сөзінде министрдің орынбасары әлі де миллиондаған ауған азаматының есірткі қолданатынын, тек олардың біргеше мыңы ғана емделетінін жеткізді. Тәліптер билік басына келгелі аталмыш орталықта 100 мыңнан аса адам ем қабылдаған екен, олардың 95%-ы жат әдеттен арылып, саламатты өмір салтына көшкен. Осы орайда «Агуш» есірткіге тәуелділіктен оңалту орталығында жыл сайын бес мыңнан аса адам емделетінін айта кетпекпіз. Бұл орталықта, сонымен қатар, ислам негіздері тегін оқытылады. Олардың 32-і қасиетті Құранды бастан-аяқ жаттап алған. Ауғанстанда есірткіге тәуелділерді барлық провинцияда емдеу шаралары қарастырылып жатыр.