|
Aраб мемлекеттерін Түркия мен Иранға бірігіп қарсы тұруға шақырды
|
«Таяу Шығыс елдері аймақтағы ахуалды басқаруына, бақылауында ұстауына жол бермесі үшін Түркия мен Иранға қарсы бірігуі тиіс» деп жазыпты Біріккен Араб Әмірлігінің сыртқы істер министрі Әнуар Мұхаммед Гаргаш өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, БАӘ СІМ министрінің аталған әлеуметтік желідегі бұл жазбасы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Суданға жасаған ресми сапары кезінде пайда болды. Түркия басшысының бұл сапарында қызыл теңіздегі ежелгі османлы айлағы Суакинді қалпына келтіру туралы келісімге келді. Суакин Суданның басты айлағы болған еді Османлы империясы тұсында. Түріктер кеткеннен кейін бұл айлақтың стратегиялық маңызы жойылып, сән-салтанатынан айырылған болатын.