Араб елінде короновирусқа байланысты азан мәтініне ішінара өзгеріс енгізілді (видео)
Араб елінде короновирусқа байланысты азан мәтініне ішінара өзгеріс енгізілді (видео)
5 жыл бұрын 9970 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кувейтте намазға шақыратын азан мәтініне ішанара өзгеріс енгізілді. Жер-көкті жайлап, жолындағысын жайпап бара жатқан індетке байланысты. Сақтық үшін. Азан мәтініне өзгеріс хадиске сай енгізілгенін айта кету керек. Ендігі жерде азаншы «Һай ала ас-саллаһ» (намазға асығыңдар) тіркесінің орнына «саллу фи буюткум» (үйлеріңде намаз оқыңдар) дейтін болады. Тарқатып айтқанда, бұл өзгеріс аса шұғыл, төтенше жағдайда енгізіледі. Саңлақ сахабалардың бірі Ибан Аббастан (р.а.) жеткен хадисте нөсер құйып тұрған күндердің бірінде ол: «Әшһаду анна Мұхаммәдән Расул-Алла» сөзін айтқаннан кейін «Һай ала ас-салаһ» емес, «Саллу фи буютикум» деп айт». Оның бұл әрекетін құптамағандарға ол: «Менен абзал адам (Пайғамбарымызды айтып отыр – ред.) осылай істеген. Расында, жұма намазы парыз, алайда, сіздерге ауырлық түсіргім келмейді. Өйткені, лай-батпақ кешіп жүруге тура келеді»,- деп жауап қайтарған. Дінді қиындатпаңдар деген өсиетке сай осындай қадамға баруына тура келгені айтылған хабарламада. Дерек көзі: әл-Бұхариде – 901, Мүслімде – 699.

0 пікір
Мұрағат