Араб елінде алғаш рет азаматтық ұшақтар құрастырылады
|
Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) азаматтық ұшақтар шығаратын алғашқы зауыт ашылады, бастапқыда жылына 15 ұшақ шығару жоспарлануда. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дубайдағы Markab Capital инвестициялық компаниясы италиялық Super Jet International компаниясымен құны 180 миллион доллар болатын осындай кәсіпорын құру туралы келісімге отырды. Markab Capital бас директоры Абдулла әл-Кубаисидің айтуынша, араб әлеміндегі алғашқы зауыттың құрылысы көп ұзамай басталады, ол бастапқы кезеңде «жылына 10-нан 15-ке дейін ұшақ құрастырады. БАӘ-де ұшақтарды құрастыруға арналған бөлшектерді шығаратын екі орталық бар. Олардың бірі Boeing және Airbus жаһандық ұшақ өндірушілерімен миллиардтаған долларлық келісім-шарттары бар Strata аэроғарыштық компаниясына тиесілі. Басқа нысан жаһандық аэроғарыш, энергетика және өнеркәсіп секторларына қаржыландыру, лизинг және техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынатын Sanad фирмасыа тиесілі.