Араб елі еттің баламасын тапты
|

Экономикалық дағдарыс тереңдеген Тунис тұрғындарының көбісі ет сатып алуға жағдайы келмейді. Оның орнына ата-бабаларының асына айналған ұлуды еттің орнына тұтынуға көшіп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Archaeological and Anthropological Sciences мерзімді басылымына жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлуды сатады әрі тұтынады. Ұлу – кей тунистіктердің бірден+бір күнкөріс көзіне айналған. Ұлуды теңіз жағалауынан тереді. Тунисте жұмыссыздық белең алып тұр, кей өңірлерінде бұл тараптағы көрсеткіш 40%-дан асып кеткен. Еуропада ұлу қымбат жеңсік ас ретінде белгілі. Ал тунистіктер үшін ғасырлар бойы күнделікті тұтынып келген әдеттегі ас ретінде алға шығады. Жергілікті халық ұлуды ас ретінде қолданып келе жатқанына табаны күректей 7 мың жыл өтіпті. Бүгінде ұлу тунистіктердің дастарханына экономикалық дағдарысқа бейімделудің белгісі ретінде оралып отыр. Ұлуда май аз, есесіне, организмге пайдалы темір мен калция, магния мөлшері жоғары. Қоректік құнары мен құндылығы жоғары. Ең бастысы, етке қарағанда екі есе арзан тұрады. Мәселен, қой еті 60 тунис динары (шамамен 20 доллар) тұрса, ұлудың бағасы (бір шұңғыл табағы) 1,60 долларданн аспайды. Мал шаруашылығына қарағанда ұлу экологиялық жағынан зиянсыз. Қоршаған ортаға залалы жоқ. Ұлу өткен жылдың қасиетті Рамазан айындағы ауызашарда кеңінен қолданылған екен.