Араб елі дәрігерлерге «алтын» виза береді
Араб елі дәрігерлерге «алтын» виза береді
4 жыл бұрын 2333 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі мерзімі он жылды құрайтын «алтын» визаға ие бола алатын мамандар тізімін ұлғайтты. Дубай әміршісі Мұхаммед бен Рашид әл Мақтұм Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында «алтын» визаны алатындар қатарын ендігі жерде дәрігерлер мен жасанды интеллекті саласының мамандары, эпидемиологтер мен вирусологтер, компьютер инженерлері, программалау саласының инженерлері, биотехнология, электроника, т.б. мамандары толықтыратынын жазыпты. Мұндай визаны, сондай-ақ, оқуда озат жоғарғы сынып оқушылары мен жоғарғы оқу орнының студенттері аштыра алады. Осы орайда шетелдік азаматтарға белгілі бір санат бойынша он жылға дейін виза ашуға аталған араб елінің министрлер кабинеті 2019 жылдың наурыз айында рұқсат бергенін айта кетпекпіз. Аталған мерзімге дейін бұл елде болудың максималды виза мерзімі үш жылдан аспайтын. Ұзақ мерзімді виза өткен жылдан бастап шетелдік инвесторларға, кәсіпкерлерге, жоғары білікті мамандарға беріле бастаған еді.

0 пікір
Мұрағат