Араб елдеріндегі байкот өз жемісін бере бастады
Араб елдеріндегі байкот өз жемісін бере бастады
2 сағат бұрын 53 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі ең ірі сауда желілерінің бірі Carrefour өзінің ресми Instagram аккаунтында мәлімдеме жариялады, дәлірегі, Омандағы өз операцияларының толық жабылатынын жариялады. Осындай шешім 2 ай бұрын Иорданияда қабылданған еді. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Araby Al-Jadeed ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада француздардың Carrefour деп аталатын бөлшек сауда корпорациясы турасында сөз болып отыр. Батыс елдері қолдаған Израил басқыншылығына жанама қарсылығы өз жемісін бере бастады: Оман және Иордания аумағында Израилге тікелей қару-жарақ бермесе де қолдау білдірген француздардың аталмыш компаниясы ақыры жабылатын болды. Бұл корпорация француз қазынасына салық төлеп отыр. Палестинаның BDS (BNC) ұлттық комитеті ұйымдастырған Carrefour корпорациясына байкот науқаны 2022 жылдың желтоқсан айында басталды. Бұл қозғалыс француз корпорациясын израилдік басқыншылықты қолдады деп айыптауда. BDS мәліметі бойынша Израильдегі Carrefour сууда желісінің филиалы 45 880-нен астам палестиналықтың қазасына себеп болған Газа соғысы кезінде израилдік жауынгерлерге жеке жиынтықтарды тарту еткен. 2022 жылы BDS, сондай-ақ ,ритейлер екі компаниямен «израилдіктердің заңсыз қоныстануына қатысқан» франчайзингтік серіктестік туралы жариялағанын хабарлады.  Палестина қозғалысы тұтынушыларды Carrefour корпорациясының израилдік Electra Consumer Products және оның еншілес компаниясы Yenot Bitan-мен франшиза келісімін аяқтағанға дейін бойкот жасауға шақырды. Carrefour корпорациясының шаратарапта 3400-ден аса дүкені бар. Палестиналық BDS қозғалысының мұсылман тұтынушылар тарапынан байкот жариялануы тиіс батыстық компаниялар тізімінде Siemens, SodaStream, Expedia, Disney, Airbnb, Teva және Pizza Hut бар.

0 пікір
Мұрағат